«Төзім. Сенім. Жеңіс»

Бөлісу

15.09 2026 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде жерлесіміз, дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтың «Төзім. Сенім. Жеңіс». атты кітабына көрме ұйымдастырылды. Бұл кітапта – тек спорт туралы емес, өмір жайлы да жазылған.
Елдос Сметов өзінің өмір жолын, жеңіс пен жеңілісін, табандылық пен еңбектің құнын осы кітап арқылы оқырманға жеткізеді.
Кітап әр спортшылар мен жас буынға және арманы бар әрбір адамға мотивация береді. Онда спорттағы жетістікке жету жолындағы қиындықтар, тәртіппен, сабыр және қайсарлық туралы маңызды ойлар қамтылған. Спорт адамдарды ұлтқа, тілге, жасқа бөлмейді. Керісінше, ортақ мақсат пен ортақ құндылықтар арқылы біріктіреді.
Ұйымдастырушылар: кітапхана қызметкерлері.