2026 жылғы 16 қыркүйекте Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 129 ҚБ-11/26 тобында «Мейіргер ісі» мамандығы, «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавриаты» біліктілігі бойынша «Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге отбасының адам өміріндегі маңызын түсіндіру, отбасылық және ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ата-анаға деген құрметті арттыру, өзара сыйластық, мейірімділік пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Тәрбие сағаты барысында отбасының адам өміріндегі орны, отбасы мүшелері арасындағы өзара түсіністік пен қолдаудың маңызы талқыланды. Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық тәрбиесіндегі отбасы құндылықтары туралы ой-пікірлер ортаға салынды.
Отбасы – сүйіспеншілік пен мейірімнің, тәрбие мен татулықтың бастауы.
Қатысқаны: 23 студент
Топ кураторы: Нурланқызы С.
#ЖамбылЖоғарыМедициналықКолледжі #ТәрбиеСағаты #ОтбасыҚұндылықтары #ҰлттықҚұндылықтар #МейіргерІсі #ҚолданбалыБакалавриат #129ҚБ1126




