«Қызғылт қазан» («Розовый октябрь») айлығы аясында кездесу өтті
2026 жылдың 14 қазанында сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу және оны ерте анықтаудың маңыздылығын түсіндіру мақсатында Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Қызғылт қазан» («Розовый октябрь») айлығы аясында кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның арнайы қонағы — Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының химиотерапия бөлімінің меңгерушісі, дәрігер-маммолог Исаков Ғабит Әбітханұлы болды.
Іс-шараның мақсаты: студенттердің сүт безі қатерлі ісігі туралы білімін арттыру, аурудың алдын алу және оны ерте анықтаудың маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.
Іс-шараның міндеттері:
– сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу жолдары туралы ақпарат беру;
– ауруды ерте анықтаудың маңыздылығын түсіндіру;
– сүт безінің денсаулығын сақтау және профилактикалық тексерулерден уақтылы өтудің қажеттілігі туралы түсінік қалыптастыру;
– студенттердің онкологиялық аурулар жөніндегі сауаттылығын арттыру;
– салауатты өмір салтын ұстануға және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға ынталандыру.
Кездесу барысында дәрігер-маммолог сүт безі қатерлі ісігінің қауіп факторлары, алдын алу шаралары, ауруды ерте анықтау жолдары және дәрігерге уақтылы қаралудың маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат берді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, білікті маманнан пайдалы кеңестер алды.
Күтілетін нәтиже: студенттердің онкологиялық аурулардың алдын алу жөніндегі ақпараттану деңгейін арттыру, денсаулығына жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру және профилактикалық тексерулердің маңыздылығын түсіндіру.
Ұйымдастырушылар: Колледж психологтары.
#ПҚ









