Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

Бөлісу

Жамбыл жоғары медициналық колледжінің фармацевтикалық пәндер оқытушысы Нурбаева Рабиға Тлеубекқызы Алматы қаласындағы, Республикалық жоғары медициналық колледжі ЖШС ұйымдастырған, «Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар – заманауи білім беруді трансформациялау факторлары ретінде» тақырыбы бойынша «Фармация» мамандығы бойынша медициналық колледждердің оқытушыларына арналған Online форматтағы Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, кәсіби іс-тәжірибесімен бөлісіп, сертификатқа ие болды.

Қатысудың негізгі мақсаты: фармацевтикалық пәндерді оқытуда жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану тәжірибесін ұсыну, цифрлық технологиялардың болашақ медицина мамандарының кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы мүмкіндіктерін көрсету және инновациялық білім беруді дамытуға үлес қосу.