Бүгін «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК оқытушылары мен студенттері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Токаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын тікелей эфирде үлкен қызығушылықпен тыңдады.
Жаңа Конституция күшіне енгеннен кейінгі бұл маңызды Жолдауда ел дамуының басты стратегиялық бағыттары, әлеуметтік-экономикалық реформалар және жастар мен білім саласына ерекше қолдау көрсету мәселелері сөз болды. Қоғамның тірегі саналатын болашақ медицина мамандары мен ұстаздар қауымы Президент алға қойған міндеттерді толық қолдайды.
Мемлекет басшысы атап өткендей, еліміздің басты байлығы – адам. Ал сапалы білім мен озық медицина – қуатты ұлттың негізі. Біздің ұжым да ел игілігі мен халық денсаулығы жолында аянбай еңбек етіп, Жолдауда айтылған мақсаттарға қол жеткізуге өз үлесін қоса береді!






