2026 жылғы 5 қарашада Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Әділет» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер – Калиев Сауран Калиевич, Даулетбаева Айгерім Маратбекқызы және Джолдасбеков Нұржан Қырықбаевич оқытушылар мен студенттермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында үміткерлер өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, өңірді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытуға бағытталған негізгі мақсаттары мен міндеттеріне тоқталды. Сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамытуға қатысты бағдарламалық басымдықтарын ортаға салды.
Жиын барысында колледж оқытушылары мен студенттері өздерін толғандырған өзекті мәселелер мен ұсыныс-пікірлерін білдірді. Үміткерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, ашық форматта пікір алмасты.
Осындай кездесулер қоғам мен сайлау үдерісіне қатысушылар арасындағы ашық диалогты қалыптастырып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдауға және өңірдің өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді.










