Колледждің практикалық корпусына танымдық экскурсия

Бөлісу

26.10-02.11.2026 күндері аралығында Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 1-курс 104 М-9/26, 112 ЕФ-9/26, 115 ЕФ-9/26 топ студенттеріне колледждің практикалық корпусына танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында студенттер практикалық кабинеттермен, оқу-жаттығу құралдарымен және заманауи медициналық жабдықтармен танысты. Сонымен қатар болашақ мамандықтарының қыр-сырын меңгеруге бағытталған тәжірибелік мүмкіндіктер туралы ақпарат берілді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, медициналық білімдерін тәжірибемен ұштастырудың маңыздылығын түсінді. Экскурсия студенттердің мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, жағымды әсер қалдырды.