«Тұмау және ЖРВИ: алдын алу — денсаулық кепілі!»

Бөлісу

02.11.2026 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыты бойынша студенттер арасында «Тұмау және ЖРВИ: алдын алу — денсаулық кепілі!» тақырыбында семинар өткізілді.
Мақсаты: Студенттерге тұмау және жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) туралы түсінік беру, олардың таралу жолдары, негізгі белгілері мен ықтимал асқынулары туралы ақпараттандыру. Аурудың алдын алу шараларын насихаттау, жеке бас гигиенасын сақтау, вакцинацияның маңыздылығын түсіндіру және салауатты өмір салтын ұстануға баулу арқылы студенттердің өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру.
Семинар барысында тұмау мен ЖРВИ-дің таралу жолдары, негізгі белгілері, алдын алу шаралары және вакцинацияның маңызы туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар қол гигиенасын сақтау, жөтелу әдебі, бөлмені желдету, масканы дұрыс қолдану және ауру белгілері байқалған жағдайда жасалатын әрекеттер түсіндірілді.
Іс-шара барысында студенттер тақырып бойынша маңызды мәліметтермен танысып, жұқпалы аурулардың алдын алу және денсаулықты сақтау жөнінде пайдалы ақпарат алды.
Жауапты: №1 Жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндері ЦӘК оқытушылары: Қырықбаева Б.А., Тойланбаева Қ.А.