Тәрбие сағаты «Құқықтық баға және салдары»

Бөлісу

Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және саналы ұрпақ тәрбиелеу – басты мақсаттардың бірі.

Бүгін Жамбыл жоғары медициналық колледжінде 105М-9/26 «Мейіргер ісі» тобының қатысуымен тәрбие сағаты өтті. Топ кураторы Алтынбекова Ж.Р. «Құқықтық баға және салдары» тақырыбын тереңінен талқылап, студенттерге әрбір әрекеттің заң алдындағы жауапкершілігі мен маңызын түсіндірді.

Тәрбие сағатының мақсаты – студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыра отырып, құқықбұзушылықтың алдын алу және оның құқықтық салдарын түсіндіру; студенттердің бойында жауапкершілік пен тәртіпті нығайту.

Тәрбие сағаты барысында студенттер жағдаяттық тапсырмаларды орындап, құқықтық салдардың  жағымды және жағымсыз болатынын түсінді. Студенттер тақырыпқа белсене қатысып, өз ойларын ортаға салды және көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды. Салауатты, саналы және заңды құрметтейтін ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі!