13.11.2026 ж. “Жамбыл жоғары медициналық колледжінің” 1 -3 курс студенттерінің арасында «Өмірге салауатты қадам» тақырыбында Жамбыл облыстық наркологиялық диспансер дәрігері Данилюк Ирина Владимировна қатысуымен танымдық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу, нашақорлық пен тәуелділіктің адам денсаулығына тигізетін кері әсері туралы түсінік қалыптастыру.
Кездесу барысында нарколог дәрігер өз тәжірибесімен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Жастарға өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың, саналы таңдау жасаудың маңыздылығы түсіндірілді. Жауапты: №1 жалпы кәсіптік пәндер оқытушылары: Таңат Г.Б., Бердіш Н.Б.



