«Вандализм» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді

Бөлісу

2026 жылғы 5 қарашада Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Мейіргер ісі» бөлімінің 102 М-9/26 тобының студенттеріне топ кураторы Бекетаева Ф.Қ «Вандализм» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: Студенттерге вандализм ұғымын түсіндіру, қоғамдық мүлікке ұқыпты қарауға, қоршаған ортаны қорғауға, тазалық пен тәртіпті сақтауға тәрбиелеу. Қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру.
Тәрбие сағаты барысында студенттерге қоғамдық орындарды таза ұстау, мемлекеттік және жеке меншік мүлікті құрметтеу, заң талаптарын сақтау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Сонымен қатар, вандализмнің құқықтық жауапкершілігі туралы айтылып, әрбір адамның өз әрекетіне жауап беруі керектігі атап өтілді.
Әрбір студентті туған жеріне жанашырлықпен қарап, қоғамдық мүлікті қорғауға және вандализмге қарсы болуға шақырамыз